«Алатау арланы» баспасөз-хабарлама
2024 жылғы 22 мамырда Қазақстан ұлттық күресінен "Алатау арланы" облыстық турнирі өтеді. Ол қазақ күресінен беделді "Қазақ Барысы" республикалық турниріне іріктеу қызметін атқарады.
Салтанатты ашылу: 22 мамырда сағат 16:00 өтеді.
Жарыстың басталуы: 22 мамыр сағат 16:30.
Өтетін орны: "Үш қоңыр" спорт кешені, Шамалған ауылы, Қарасай ауданы.
21 мамыр сағат 14:00 осы турнир аясында бірқатар іс-шаралар өтеді: мандаттық комиссияның отырысы, қатысушыларды хабарлау және жеребе тарту, турнирге қатысушылардың салтанатты түрде ұсынылуы, сондай-ақ баспасөз конференциясы.
Турнир дәстүрлі түрде салауатты өмір салтын насихаттауға, ұлттық спортты дамытуға және оған әртүрлі жас санаттарындағы халықты тартуға бағытталған.
Мақсаты: биылғы шілдеде Астанада басталатын және Елорда күніне орайластырылатын "Қазақ Барысы" қазақ күресі бойынша Республикалық супер турнирге іріктеу.
Жарысқа аудандық және қалалық аудандардан іріктеуден өткен 9 аудан мен Қонаев қаласынан барлығы 30 балуан ("Туйе балуан" - 18 жастан асқан, салмағы 90 келі - абсолютті салмақ дәрежесі) қатысады. Қатысушылар арасында қазақ күресінен ҚР 10 спорт шебері бар.
22 мамырда соңғы жекпе-жектен кейін, турнир жеңімпазы "алтын белбеумен" және ақшалай сыйлықпен – 5 000 000 теңгемен марапатталады.
2 орын-1 000 000 теңге;
3 орын - 500 000 теңге.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының әкімдігі, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы, Алматы облысының "Бөрі" қазақ күресі федерациясы.
Байланыс телефондары:
+7 776 243 2667 (Әлихан),
+7 702 272 3205 (Қапар Рауанов).