Пресс-релиз
2023 жылғы 21-24 желтоқсан аралығында футзалдан Алматы облысының жасөспірімдер чемпионаты өтеді.
Салтанатты ашылу 21 желтоқсанда сағат 9.30-да өтеді.
Жарыстың басталуы: 21 желтоқсан сағат 10.00.
Өтетін орны: Талғар ауданының № 2 спорт мектебі (Талғар қ., "Мелиоратор" шағынауданы - 6).
Чемпион атағы үшін Алматы облысы аудандары мен Қонаев қаласының 2009 – 2010, 2011 - 2012 және 2013 – 2014 жылы туған жасөспірімдер күресетін болады. Барлығы 50 – ден астам команда , бұл 600 астам қатысушы (командада 14 ойыншы бар, олардың 9-ы резервте). Жарыс ФИФА бекіткен футзал бойынша 5х5 форматта жасөспірімдерге арналған халықаралық ережелерге сәйкес өткізілетін болады. 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы матчтар регламент бойынша өтеді – 2 таймнан 15 минуттан. Кіші жас санатындағы ойыншылар 10 минуттан 2 таймға жарысады.
Жарыс шағын футболды насихаттау және жас футболшылардың шеберлік деңгейін арттыру мақсатында өтеді. Чемпионат қорытындысы бойынша үздік ойыншылар Қазақстанның ресми жасөспірімдер чемпионатына қатысу үшін Алматы облысының құрама командаларының құрамына іріктеледі, оның 2-кезеңі Келесі жылдың ақпан айында Қостанай облысының Рудный қаласында басталады.
Облыстық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауды 24 желтоқсанда финалдық ойындардан кейін бірден өткізу жоспарлануда.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығы,
Байланыс телефондары:
+7 778 599 8801 (Назарет Жамигат)