БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (2024 жылдың 1 ақпанында Дүниежүзілік сайлау күні)

2024 жылдың 1 ақпанында Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Бұл күн  2005 жылдың 14-17 қыркүйегінде Будапешт қаласында өткен сайлау әкімшілерінің Бас конференциясы аясында бекітілген.

Еуропалық сайлау шенеуніктері қауымдастығының (ЕСШҚ) бастамасымен Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде аталып өтіледі.

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау күнін құра отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселесіне адамдардың назарын аударуды мақсат етті.

Бұл күнді өткізудің негізгі мақсаттары жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, сайлаудың маңыздылығы мен өз таңдауы үшін жауапкершілікті сезіну, сайлау процесіне белсенді қатысу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу шеңберінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – Алматы облысының АСК) «Ашық есік күнін» өткізуді жоспарлап отыр. Онда Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  Айтова Мейрамгүл Қазбекқызы жиналғандарды сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен таныстырады.

Сол күні «АМАНАТ» партиясы Алматы облыстық филиалында жас сайлаушылармен «Сайлау процесінің құқықтық негіздері, сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау құқығының қағидаттары» тақырыбында Алматы облысының АСК мүшесі Ақмарал Қадыржанқызының қатысуымен  семинар өткізу  жоспарлануда.

Осындай іс-шаралар Алматы облысының барлық аудандарында өткізіледі.

 

Алматы облысы АСК

Қызмет бағыты