Баспасөз хабарламасы (Қосқұдық станциясында мектептің ашылуы)

Баспасөз хабарламасы (Қосқұдық станциясында мектептің ашылуы)

2023 жылдың 30 тамыз күні сағат 11.00-де Қосқұдық станциясы 6 "Б" ғимаратында
мектептің ашылу салтанаты өтеді.

Бүгінге дейін балалар 1952 жылы салынған мектепте оқыған. Жалпы халық саны 767 адамды, оның ішінде 86 баланы құрайтын Қосқұдық ауылына «Халық игілігі» қоғамдық қорының есебінен 100 орындық жаңа мектеп салынды. Құрылыс жұмыстарының сомасы 750 млн. теңгені құрады. Оқыту мемлекеттік тілде, бір ауысымда жүргізіледі.

Оқу орнында: 24 оқу кабинеті, 2 шеберхана, компьютерлік сынып, 3 арнайы кабинет (физика, химия, биология), 3 интерактивті тақта, акт және спорт залдары, 60 орындық асхана, оқу залы бар кітапхана орналасқан. Сондай-ақ медициналық кабинеттер: медбик кабинеті және процедуралық кабинет бар. Медициналық кабинет оқушылардың денсаулығын тексеруге және комплексті емделуге арналған арнайы медициналық құралдармен жабдықталған.

Мектепте 20 педагог, оның ішінде 6 педагог-модератор және 4 жас маман жұмыс істейтін болады.

Қызмет бағыты