Баспасөз-хабарламасы («AK BULAK OPEN - 2023»)

29 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында қос ірі жарыс өтеді: «AK BULAK OPEN - 2023» халықаралық шахмат фестивалі және шахматтан ҚР Кубогының 6-кезеңі.
Салтанатты ашылу рәсімі: 29 тамыз сағат 14:30
Жарыстың басталуы: 29 тамыз сағат 15:00
Өтетін орны: «Аk Bulak» тау-шаңғы курорты (Талғар ауданы)
Ауқымды жарысқа 5 елден 300ге жуық шахматшы қатысады.
Сайыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өткізіледі.
Мақсаты мен міндеттері: Орталық Азияда және Қазақстанда шахмат ойынын насихаттау, шахматшылар арасындағы халықаралық және аймақтық қарым-қатынасты нығайту, жас ойыншылардың кәсіби деңгейін өсіру, квалификациялық норматив орындау, шахматтан балалар арасындағы ҚР Кубогының финалына ойыншыларды іріктеу.
Арнайы Алматы облысының жас ойыншылары үшін жарыс барысында белгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстермен бір уақыттық сеанс ұйымдастырылады. Олар «Көлсай көлдері» және «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде өтеді.
Жеңімпаз және жүлдегерлерді марапаттау 6 қыркүйек 2023 ж. жоспарланған. Үздік шахматшыларға ақшалай сыйақы қарастырылған. «AK BULAK OPEN-2023» халықаралық шахмат фестивалінің жүлде қоры - 5 000 000 теңге. Шахматтан балалар арасындағы ҚР Кубогы 6-кезеңінің жүлде қоры - 3 000 000 теңге.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан шахмат федерациясы.
Байланыс телефоны:
+7 776 739 5987 - <SHATRANJ> клубының администраторы, Алмаш
+77014057744 – шахмат және үстел ойындары БЖСМ директоры, Мерей