Облыс әкімінің ел алдындағы есеп беруі 2020.
19 ақпанда облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында ел алдындағы есеп беру жиынын өткізді. Жиында облыс әкімі 2019 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен биылғы жылдың міндеттері туралы баяндама жасады.
Баяндамадан соң тұрғындардың сауалдарына кезек берілді. Облыс әкіміне залдан барлығы 29 адам 50-ден астам сұрақ қойды. Сұрақтарда жолдарды жөндеу, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау, ішкі туризмді дамыту, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері, тұрғын үйді құжаттарын рәсімдеу мен жекешелендіру, әкімнің жеке қабылдауына жазылу, арық жүйелерін жөндеу, жабайы саудамен күрес т.б. мәселелер қамтылды.