Алматы облысында құраш күресінен облыс чемпионаты
2026 жылғы 31 қазанда Алматы облысында құраш күресінен облыс чемпионаты өтеді.
Өтетін орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Әжімуратов көшесі, 8, Іле ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі.
Жарыстың басталуы: сағат 10:00.
Салтанатты ашылу рәсімі: сағат 12:00.
Чемпионатқа Алматы облысының қалалары мен аудандарынан 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатысады.
Ерлер арасындағы салмақ дәрежелері: 60 кг, 66 кг, 73 кг, 81 кг, 90 кг, 100 кг, 120 кг және +120 кг.
Әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері: 48 кг, 52 кг, 57 кг, 63 кг, 70 кг, 78 кг, 87 кг және +87 кг.
Чемпионаттың мақсаты мен міндеттері – өңірде ұлттық спорт түрлерін дамыту, жарысқа қатысатын спортшылардың шеберлігін арттыру, олардың техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, сондай-ақ алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын үздік спортшыларды іріктеу.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 31 қазанда финалдық белдесулер аяқталғаннан кейін өтеді.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының «Бұқаралық спорт клубы».
Байланыс телефоны: +7 707 251 0551 (Әсет Айтқали).
31 қазан 2026
Чемпионат