Алматы облысында джиу-джитсудан U21 және ересектер арасындағы облыс чемпионаты
2026 жылғы 31 қазанда Алматы облысында джиу-джитсудан U21 және ересектер арасындағы облыс чемпионаты өтеді.
Өтетін орны: Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 47А, «Triumpher» спорт кешені.
Жарыстың басталуы: сағат 10:00.
Салтанатты ашылу рәсімі: сағат 13:00.
Чемпионатқа Алматы облысының қалалары мен аудандарынан келген 18–21 жас аралығындағы спортшылар қатысады. Олар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Оның жетеуі ерлер арасында, ал қалған жетеуі қыздар мен әйелдер арасында өтеді.
Жарыстың мақсаты – жастар арасында джиу-джитсуды кеңінен насихаттау, жекпе-жек спортына және салауатты өмір салтына деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ желтоқсан айында Астана қаласында өтетін Қазақстан республикасының джиу-джитсудан чемпионатына қатысатын Алматы облысының құрама командасын жасақтау. Сонымен қатар спорттағы тәртіп, өзара құрмет, қайсарлық пен адал бәсекелестік құндылықтарын дәріптеу көзделген.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 31 қазанда финалдық белдесулер аяқталғаннан кейін өтеді.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының «Бұқаралық спорт клубы» және Алматы облысының джиу-джитсу федерациясы.Байланыс телефоны: +7 701 443 0025 (Латиф Юсупов).
31 қазан 2026
Чемпионат