Баскетболдан жасөспірімдер арасындағы Алматы облысының қысқы чемпионаты

 Баскетболдан жасөспірімдер арасындағы Алматы облысының қысқы чемпионаты 2025 жылдың 29-31 қаңтары аралығында өтеді.

Жарыс 29 қаңтар күні сағат 10:00-де басталады.

Ашылу салтанаты: 29 қаңтар сағат 12:00

 Өтетін орны: Талғар ауданы №2 жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залы, Талғар қаласы, Набережная көшесі, 152.

 Жарысқа Алматы облысы мен Қонаев қаласынан 2007-2008 жылы туылған ұлдар мен қыздар қатысады. 14-тен команда қатысады деп жоспарлануда.

Чемпионатқа қатысушылар үш күн бойы айналмалы жүйеде біріншілік үшін таласады. Жеңімпаз команда ақпан айында Щучье қаласында басталатын Қазақстан Республикасының чемпионатында облысымыздың намысын қорғайды.

  Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы, Алматы облысының баскетбол федерациясы.

 Байланыс телефоны: +7 707 311 8072 (Максим Шалаев).

Басталу уақыты

29 қаңтар 2025

Соңғы күні

31 қаңтар 2025

Оқиға түрі

Чемпионат