«KONAEV CUP – 2024»


2024 жылғы 10 қараша сағат 10.00-де. "KONAEV CUP – 2024"Халықаралық шахмат турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Жарыстың басталуы: 10 қараша 10.30.
Өтетін орны:" SDU University", Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан даңғылы - 1/1.
150-ден астам шахматшы қатысады деп жоспарлануда. Қатысушылардың жасы-алты жастан 60 жасқа дейін. Олардың арасында АҚШ, Беларусь, Үндістан, Украина, Армения, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан сияқты 12 елден көрнекті гроссмейстерлер де, жаңадан бастаған спортшылар да болады.
"KONAEV CUP" ірі халықаралық старты Алматы облысында үшінші жыл қатарынан өткізілуде. Басты міндеттері: шахматты еліміздегі ең танымал және перспективалы спорт түрлерінің бірі ретінде дамыту, болашақтың шахмат жұлдыздарын анықтау, қатысушылардың біліктілігін арттыру.
Жылдам шахмат жарыстары Швейцария жүйесі бойынша 9 турда уақытты бақылаумен өтеді-әр айналым үшін 10 минут + 2 секунд.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 10 Қарашада шешуші ойындардан кейін сағат 18:00-де өтеді деп жоспарлануда.
Жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды, 54 жүлделі орын ұтысқа салынады.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының әкімдігі, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы, "Қазақстан шахмат федерациясы", "Қазақстан шахмат федерациясының" Алматы облысы бойынша филиалы.
10 қараша 2024
Басқа