2024 жылғы күзгі дала жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау туралы хабарлама
«Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде операторды анықтау бойынша өтінім қабылдау басталғандығын хабарлайды.
Алматы облысы бойынша Күзгі дала жұмыстарына дизель отынына өтінім қабылдау аяқталып, нәтижесінде облыс бойынша жалпы көлемі 5450 тоннаға 271 тауарөндірушінің өтінімі мақұлданды.
Басқарманың мекен – жайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Құрлысшы 12
Почта Obl_ush@m ail.ru , телефон номер 8708 908 94 96, +7 7277 22 21 61
Құжаттарды қабылдаудың басталған және аяқталған күні мен уақыты;
25 маусым - 01 шілде сағат 18:30 ға дейін.
Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі;
Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті операторы мен өндірушісі мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;
8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:
мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;
цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;
"Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;
9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) мұнай базаларының орналасу схемасы.
12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші ресурс ұстаушыдан дизель отынын сатып алу туралы шешімді өз бетінше қабылдаған кезде талап етілмейді.
2024 жылғы күзгі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізуші операторларды айқындау комиссиясының өткізілетін орны Комиссия отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны қосымша хабарланатын болады
|
Көктемгі егіс және егін жинау |
Нысан
|
|
_________________ |
Дизель отынының көлемін алуға арналған өтінім
- __________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
атынан __________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
көктемгі егіс / егін жинау жұмыстарын / жемшөп дайындау / көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) (қажетті таңдау) жүргізу үшін ______________ (_______________) тонна көлемінде дизель отынын бөлуді сұраймын.
- _______________ жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің жалпы алаңы ____________ га.
- Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы _____________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) __________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________
мекенжайы: ________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ___________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ____________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________
берілген күні _______________________________________________________
мекенжайы: ________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ___________________________________________________
хабарланған күні ___________________________________________________
25 маусым 2024
01 шілде 2024
Хабарландыру