«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы

Халықаралық отбасы күніне орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында өткізілетін «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы, 2024 жылдың 15 мамырдан өтінім қабылдауды бастады. Конкурсқа қатысу үшін отбасылар өтінім арқылы, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатыса алады.  Құжаттарды тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін.

Ағымдағы жылдың мамыр айының 15-нен бастап Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы-2024» өткізілетіндігі туралы хабарламалық-ақпараттық материалдар облыстық «Алатау арайы», «Огни Алатау», «Алатау ардагері» газеттері мен 9 аудандық, 1 қалалық басылымдарында жарияланып, «Жетісу» телеканалының жүгіртпе жолында орналастырылды.

Сондай-ақ, Ұлттық конкурс туралы хабарландырулар мен жарияланымдар жергілікті әкімдіктердің ресми сайттарында, өңірлік басылымдардың инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында #Otbasym2024 хэштегімен тұрақты жариялануда.

Оқиға күні

15 мамыр 2024

Оқиға түрі

Конкурс