Жалпықалалық сенбілікке шақырамыз
2024 жылғы 16 наурыз күні жалпықалалық сенбілікке шақырамыз.
Айналамызды гүлдендіріп, сүйікті қаламыздың тазаруына атсалысайық. Күн өткен сайын көркейіп, ажарлана түскен Қонаев қаласы – баршамыздың ортақ үйіміз. Олай болса, қала шырайын арттыра түсу де – өз қолымызда. Сенбілікке жұмыла қатысу – әрбіріміздің азаматтық міндетіміз! Туған қаламыз Қонаевқа деген махаббатымыз бен құрметімізді білдіріп, сенбілікке белсене қатысайық!
Оқиға күні
16 наурыз 2024
Оқиға түрі
Хабарландыру