Nauryz sale: Қонаевта жеңілдіктер науқаны жүріп жатыр


Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен Әз-Наурыз мерекесіне орай, Қонаевта жеңілдіктер науқаны жүріп жатыр.
Науқанға шаһардағы ірі сауда орталықтары мен 8 тамақтану орыны қатысуда. Жеңілдіктер жасалып жатқан дүкендердің алдына «Наурыз-2024» логотипі жазылған баннерлар қойылып, дәмханалар мен мейрамханаларда арнайы ас мәзірлері әзірленген. Сондай-ақ мәзірге қазақтың ұлттық тағамдары енгізілген. Әр сауда орынында жеңілдіктің пайыздық мөлшерлемесі әртүрлі. Акция 25 наурызға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Қонаев қаласында жылдағы дәстүр бойынша Наурыз мерекесі 10 күн атап өтіледі.
Басталу уақыты
01 наурыз 2024
Соңғы күні
25 наурыз 2024
Оқиға түрі
Жәрмеңке