Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің назарына!


«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында тауарлық-сүт фермаларын (ТСФ) кеңейтуді кредиттеуге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Кредиттеуге қатысушылар болып Алматы облысында тіркелген агроөнеркәсіптік кешен субъетілері табылады.
Кредиттер келесі талаптарда беріледі:
- кредиттік мерзімі – 10 (он) жылға дейін;
- кредиттік максималды сомасы – 5 (бес) миллиардтан астам;
- сыйақының атаулы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан астам;
4) кредиттік нысаналы бағыты – қуаты 400 бастан басталатын жаңа тауарлық-сүт фермаларын ашуға және әрекет етушілерін кеңейтуге бағытталған, АӨК саласындағы жобаларды жүзеге асыру;
5) кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
6) негізгі қарызды өтеу жөніндегі жеңілдетілген кезең 24 (жиырма төрт) айдан артық емес.
АӨК саласындағы жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары:
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыруды ескерумен, салалық орындылығы;
- өңір халқын сапалы және қол жетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету;
- уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі және (немесе) өңдеу саласында 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс;
- кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі кешіктірілген берешек болмауы тиіс;
- мықты жемдік базаны қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасының паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін қажетті ауыл шаруашылығы жерлері болуы тиіс.
Кепілдік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Кредиттің қайтарымдылығы кепілмен қамтамасыз етіледі. Қарыз алушының кепілдік қамтамасыз етуі сыйақыны есептегенде, кредит сомасынан 100%-дан кем емес көлемді жабуы тиіс.
Жоғары өтімді қамтамасыз ету сыйақыны есептегенде, кредит сомасынан 30%-дан кем болмауы тиіс. Кредит қаражаты есебінен сатып алынатын, келешекте соңғы қарыз алушының меншігіне түсетін жабдықтар мен биологиялық актив белгіленген өтімділік коэффициентіне сәйкес, кепілдік қамтамасыз ету ретінде қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау орны: «Қонаев» ӘКК» АҚ Алматы облысы, Қонаев қаласы, Құрманғазы к-сі, 31-үй мекен жайында орналасқан.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін.
Өтініш нысанымен және құжаттамалар тізбесімен хабарландырудың қосымшасына сәйкес таныса аласыздар.
Анықтамаларға арналған байланыс телефондары: +77474301173, +77055055720, +77780607151 «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және активтерді басқару департаменті
05 желтоқсан 2023
25 желтоқсан 2023
Хабарландыру