Этномедиацияны дамыту мәселелері бойынша семинар-тренинг
Өтетін орны/уакыты:
19-20 қазан – Қонаев қаласы, Орта мектеп гимназиясы, 10:00.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен 2023 жылғы 18-20 қазан аралығында Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында және Қонаев қаласында Медиация қызметін дамыту бойынша семинар-тренингі өтеді.
Мақсаты: облысымызда этномедиация саласын дамыту, келіссөз жүргізетін этномедиаторларды дайындау, этносаралық қақтығыстардың алдын-алу саясатын дамытуға ықпал ететін медиацияны пайдалану әдістері мен тетіктерін оқыту, оны реттеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға байланысты қоғамдық ұйымдардың қызметінде жаңа нысандарды іздеу.
Семинар-тренинг жұмысына Алматы облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер және эномәдени бірлестіктер мен кәсіби, қоғамдық медиаторлар қатысады. Қатысушылар саны - 50 адам.
Шараны жүргізушілер: Семинар-тренингті Клиникалық психолог, «РУХ» психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры Баймұхамбетова Резеда Сәлімжанқызы; Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің төрағасы, тренер - медиатор Полатов Шерзод Аббозович.
Семинарда тренер-медиаторлар тыңдаушылармен шағын дәріс форматында жұмыс жасап, практикалық тапсырмалар жүргізеді. Қатысушылармен этносаралық қақтығыстардың пайда болу себептерін, оларды шешу және болырмау жолдары талқыланады.
19 қазан 2023
20 қазан 2023
Семинар