Облыс тұрғындарының назарына!

Облыс тұрғындарының назарына!

"Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 – бабына сәйкес тұрғындарды "G4City" қаласының Бас жоспарының жобасымен, оның ішінде "қоршаған ортаға әсерді бағалау" бөлімімен (бұдан әрі-ҚОӘБ) танысуға және талқылауға шақырады.

Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен және ҚОӘБ-мен сағат 15.00-де танысуға болады:

2023 жылдың 18 қазанында Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13 А үй, мәдениет үйінің ғимараты мекенжайы бойынша;

2023 жылдың 19 қазанында Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі, 8 үй, аудан әкімдігінің ғимараты мекенжайы бойынша;

2023 жылдың 20 қазанында мына мекен-жай бойынша: Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65 үй, аудан әкімдігінің ғимараты.

Ғимаратқа кіру-жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде.

Қала өміріне белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

 

Жобаға тапсырыс беруші - "Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ

 

Оқиға күні

20 қыркүйек 2023

Оқиға түрі

Хабарландыру