Қазақстан Республикасының Спорт күніне арналған мерекелік шара


Қонаев қаласында Қазақстан Республикасының Спорт күніне арналған мерекелік шара өтеді.
Өтетін орны: Қонаев қаласының мәдениет үйі. 2023 жылғы 18 тамыз, сағат 11.00.
Іс-шара бағдарламасы:
11.00 — каратэ, черлидинг, көркем гимнастика спорт түрлерінен тәрбиеленушілерінің демонстрациялық өнер көрсетулері (қалалық мәдениет үйінің жанындағы автотұрақ).
11.20 — фотокөрме, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт саласындағы жетістіктері туралы баяндайтын бейнеролик көрсету.
11.40 — Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің сөзі; спорт ардагерлерін, үздік жаттықтырушылар мен үздік спортшыларды, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы белсенді қызметкерлерді құрметтеу және марапаттау; Облысымызда дене шынықтыру және спорт саласын одан әрі белсенді дамыту мақсатында спорт мектептеріне қызметтік автокөліктердің кілттерін табыстау да өтеді.
12.30 — ұлттық спорт түрлерінен демонстрациялық қойылымдар: дәстүрлі садақ ату, арқан тартыс, бес асық, асық ату, ләңгі, гір тасын көтеру (қалалық мәдениет үйінің жанындағы автотұрақ).
Міндеттері: Қазақстанда мемлекет тарапынан өте кең қолдау тауып отырған спортқа құрмет көрсету, салауатты өмір салтының басымдығын насихаттау, халықтың барлық жас топтарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, халық арасында ұлттық спортты насихаттау. Анықтама үшін: Қазақстанда Спорт күні 2003 жылдан бері тамыз айының әрбір үшінші жексенбісінде тойланып келеді.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар орталығы.
18 тамыз 2023
Құттықтау