"Тіл - татулық тірегі" Республикалық форум

2023 жылғы 29-31 наурыз аралығында Жамбыл облысында
"Тіл-татулық тірегі" республикалық форумы өтуде.
Форум аясында 29 наурызда Жамбыл облысының Тараз қаласында "Мемлекеттік тілді және ана тілін дамытудағы өзекті мәселелер" атты семинар-тренинг өткізілді.

Тренинг барысында Алматы және Жамбыл облыстарының тілдерді дамыту басқармалары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберінде тараптар гуманитарлық, әдістемелік және ғылыми-лингвистикалық зерттеулер мен тіл саясаты бағытында ынтымақтастық құрайтын болады.

Басталу уақыты

29 наурыз 2023

Соңғы күні

31 наурыз 2023

Оқиға түрі

Форум