"Ауыл Аманаты" халықтың табысын арттырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды бастау туралы

 Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Ауыл Аманаты» халықтың табысын арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталғандығы туралы хабарлайды.

 

   13.10.2022 жылғы №327 қаулыға сәйкес, 2023 жылы Алматы облысының 6 ауданынан 44 ауылдық округ қатысады.

 

Бағдарламаны жүзеге асыру келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • 1-бағыт – ЖҚШ-ны өсімдік шаруашылығы үшін пайдалану.
  • 2-бағы - ЖҚШ-ны мал шаруашылығы және құс шаруашылығы үшін пайдалану.
  • 3-бағыт – елді мекендерден тыс жер ресурстарын пайдалану.
  • 4-бағыт – кооперативтер құру және жинақтау.
  • 5-бағыт – жеке кәсіпкерлікті (өндіріс және қайта өңдеу) дамыту, сатып алу-сатудан және жалға беруден басқа қызметтер.

Нысаналы аудитория:

 

  • ЖК (зейнеткерлік жасқа дейін);
  • Кооперативтер (кемінде 3 қатысушы)

 

 

Бағдарламаның талаптары:

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕРЗІМІ

ü  Кооперативтер мен мал шаруашылығы үшін 84 айға дейін;

ü  Айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ

ü  Жылдық 2,5%

НЕГІЗГІ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ ТАЛАПТАРЫ

ü  Ай сайын/тоқсан сайын / жылына 1 рет – өтеу кестесіне сәйкес

%% ӨТЕУ ТАЛАПТАРЫ

ü  Ай сайын/тоқсан сайын / жылына 1 рет – өтеу кестесіне сәйкес

НЕГІЗГІ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТІ КЕЗЕҢ

ü  12 айға дейін

КЕПІЛДІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР

ü  100% қамтамасыз ету

ҚАРЫЗДЫҢ МАКСИМАЛДЫ СОМАСЫ

ü  ЖК – 2500 АЕК дейін (8 625 000 теңгеге дейін);

ü  Кооперативтер – 8000 АЕК дейін (27 600 000 теңгеге дейін).

НЕСИЕ ҚАРАЖАТЫН ИГЕРУ КЕЗЕҢІ

ü  Өтініш берушінің ЕДБ-дағы ағымдағы шотына ақша қаражаты аударылған күннен 2 ай (2 ай ішінде игерілмеген жағдайда, қаражатты қайтару қажет)

 

НЕСИЕ ҚАРАЖАТЫН НЫСАНАЛЫ ПАЙДАЛАНБАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САНКЦИЯЛАРЫ

ü  Нысаналы пайдаланылмаған сомадан 25% және қаражатты мерзімінен бұрын қайтару.

ЕРЕКШЕ ТАЛАПТАР

ü  Мүлікті сақтандыру;

ü  Кепіл затына құқық беретін құжаттарды сәйкестікке келтіру;

ü  Аккредиттелген компанияларда ТБК-мен бағалау жүргізу;

ü  Кемінде 24 ай тіркеуде болу және тұрғылықты тұру.

 

Өтініш берушілерген қойылатын критерилер:

 

  • ҚР салық заңнамасына сәйкес, салық органдарында тіркелуі;
  • Оң несие тарихы (Екінші деңгейдегі банктердің алдында мерзімі өткен берешектің болмауы, бюджет алдында берешектің болмауы);
  • Өтініш берушінің жасы бойынша шектеулер – зейнеткерлік жасқа дейін;
  • Қызмет ерекшелігіне байланысты қажетті инфрақұрылымның болуы (жер телімдері, малды бағуға арналған орынжайлар жән т.б.).

 

Бағдарламаға қатысу үшін аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіну қажет.

 

Айтарлықтай толық ақпаратты келесі байланыс нөмірлері бойынша алуға болады:

Еңбекшіқазақ ауданы: 8-72775-4-27-77

Балқаш ауданы: 8-72773-95-3-19

Жамбыл ауданы: 8-72770-2-17-16

Ұйғыр ауданы: 8-72778-2-28-23

Кеген ауданы: 8-72777-2-12-98

Райымбек ауданы: 8-72779-2-20-63

 

 

 

Оқиға күні

06 наурыз 2023

Оқиға түрі

Хабарландыру