Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы инвестициялық жобаларды кредиттеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды


Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы инвестициялық жобаларға кредит беру бағдарламасын іске асыру шеңбереінде мынадай бағыттар бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталғаннын хабарлайды:
- Қуаттылығы кемінде 400 бастан кем емес сүт тауар фермасын (бұдан әрі-МТФ) дамыту;
- Ет бағытындағы құс шаруашылығы;
- Көкөніс қоймасын салу;
- Балық шаруашылығы;
- Ылғал үнемдеу технологияларын қолдану;
Несиелеу шарттары:
- Пайыздық мөлшерлеме – жылдық 4%-дан аспайды;
- Қаржылық кредиттеу мерзімі-10 жыл;
- Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең-2 жыл (жеңілдікті кезеңде төленбеген негізгі борыш жеңілдікті кезеңнен кейінгі жылы төленеді);
-Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең-жоқ;
АӨК субъектілеріне қойылатын талаптар:
Инвестициялық жобаларға АӨК саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер қатысады.
Несиелеудің негізгі талаптары:
-Төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;
-Банктердің және басқа қаржы институттарының алдында салықтар бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы, теріс кредиттік тарихтың болмауы;
-Қажетті инфрақұрылым мен жердің болуы;
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 9 наурызға дейін.
Өтініштер қабылданады:
Қолма қол өтініштер Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі, 56/2 каб. 9. Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі-Басқарма), немесе электрондық мекен-жайға obl_ush@mail.ru.
Анықтама телефондары: 8-707-111-78-98, 8-701-767-59-30, 8-702-747-06-80
02 наурыз 2023
Хабарландыру