Хабарландыру

"Қонаев" ӘКК " АҚ (бұдан әрі-ӘКК) микроқаржы қызметін жүзеге асыру бойынша бірлескен кәсіпорын (бұдан әрі - МҚҰ) құру үшін әлеуетті жекеше әріптесті (серіктестерді) іріктеу бойынша конкурс өткізеді.

«Қонаев» ӘКК» АҚ (әрі қарай – ӘКК) микроқаржылық қызметті жүргізу бойынша бірлескен кәсіпорын (әрі қарай – МҚҰ) құру үшін әлеуетті жеке серіктесті (-терді) іріктеу жөнінде конкурс өткізеді.

Жобаның жалпы сипаттамасы:

Жоба әлеуетті жеке серіктеспен (-термен) өз қызметін Алматы облысында жүргізетін, жаңа МҚҰ құнуды көздейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптары бойынша МҚҰ-ның жарғылық капиталын 100% көлемде қалыптастыру

- «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның (әрі қарай – ӘКК) МҚҰ-ға қатысу үлесі 49%-дан артық емес;

- Әлеуетті жеке серіктестің (-тердің) үлесі 51%-дан кем емес.

 

МҚҰ қызметінің негізгі түрі:

- ШОБ субъектілеріне жеңілдетілген пайызбен (орташа 2,5-12%-бен) микронесиелер беру;

- Несиелендіру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылы, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану талаптарымен Алматы облысында тіркелген ШОБ субъектілеріне беріледі.

Нормативтік құқықтық акт:

МҚҰ-ның қызметін реттейтін негізгі НҚА:

- Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы «Микроқаржылық қызмет туралы» № 56-V заңы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 14 қарашадағы №192 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қарашада «Пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын үйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» №19629 болып тіркелген;

- Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы №108 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 желтоқсанда «Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүргізуге қойылатын біліктілік талаптарын және оған сәйкестікті рестайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» №21731 болып тіркелген.

Жобаны ұйымдастыру:

Әлеуетті жеке серіктес (-тер) анықталғаннан кейін:

- Құрылтай құжаттарын (құрылтай шартын, жарғыны, құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасын) бекіту және МҚҰ-ның директорын тағайындау үшін құрылтайшылардың жиналысын өткізу қажет;

Жарғылық капиталды 100 000 000 теңгеден кем емес көлемде қалыптастыру және ақша қаражатын МҚҰ-ның ағымдағы шотына аудару;

- Жеке серіктестің (-тердің) (51 %-дан кем емес) және ӘКК-нің (49%-дан артық емес) қатысуымен МҚҰ-ны әділет органдарында тіркеуді жүргізу;

- Компанияның егжей-тегжейлі құрылымын, қызмет стратегиясын, қызмет бағыттары мен ауқымын, қаржылық перспективаларды (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы пайда мен залал шоты, маркетинг жоспарын (клиенттік базаны қалыптастыру), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды ашатын алдағы үш жылға арналған бизнес-жоспар әзірлеу;

- МҚҰ-ның ұйымдық құрылымын және штаттық кестесін қалыптастыру;

-  Микронесиелендіру әдіснамасын (несие саясатын, салық саясатын, несиелік комитет туралы ережені, тәуекел-менеджмент туралы ережені) және өзге де ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту;

- Тізбесі микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында белгіленетін өтініштер мен өзге де материалдарды уәкілетті органға микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін дайындау.

Әлеуетті жеке серіктеске (-терге) қойылатын талаптар, ерекше критерилер және сипаттамасы:

Серіктеске қойылатын ерекше талаптар:

 - серіктес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, нарықта өз қызметін қаржы саласында кемінде 3 жыл жүзеге асыратын зыңды тұлға болуы тиіс;

- серіктес (-тер) МҚҰ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін кемінде 100 000 000 теңгені құрайтын меншікті қаражатқа ие болуы тиіс;

- серіктестің (-тердің) банк несиелері бойынша мерзімі кешіктірілген берешегі болмауы тиіс;

- серіктестің (-тердің) салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешегі болмауы тиіс;

- әлеуетті жеке серіктестің (-тердің) қызметіне, жобаны жүзеге асыруға теріс әсер етуі мүмкін сот талқылаулары/ауыртпалықтары болмауы тиіс;

- микроқаржылық қызметті жүзеге асыру және жүргізу үшін білікті мамандары болуы тиіс.

Құжаттарды өткізу тәртібі

Әлеуетті серіктестің (-тердің) конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдері және оған тіркелетін құжаттары 2023 жылдың 13 наурызына дейінгі мерзімде, Қазақстан Республикасы, Қонаев қаласы, 2 ы/а, 38-құрылыс мекен жайы бойынша қабылданады. Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефон нөмірі бойынша алуға болады: 8-747-430-11-73 (Сайланбаев Тыныс Дәулетбекұлы)

Өтініш нысаны және құжаттар

 

Оқиға күні

02 наурыз 2023

Оқиға түрі

Хабарландыру