Мұнай өнімдерін көтерме саудамен өткізу бойынша компаниялардың назарына!


Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мұнай өнімдері айналымы саласында жұмыстарды орындауға аккредитациясы бар компанияларға 2023 жылдың көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне көтерме нарықтық бағамен дизель отынын кепілді жеткізуге оператор анықтау бойынша ұсыныс енгізеді.
Ниет білдіруші компаниялар 2023 жылдың 9 ақпаны күні сағат 15:00 де келіссөздерге қатысуларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ, кеңес алу бойынша төмендегі мекенжайға хабарласуға болады: Қонаев қаласы, С.Сейфулина көшесі 56/1 үй, 2 этаж, 06 кабинет, байланыс телефоны 8 7717564551.
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
01 ақпан 2023
Хабарландыру