Қаржы лизингіне беру үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу туралы хабарландыру


Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен Алматы облысында мал шаруашылығын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жоспары бекітілді.
2023 - 2027 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жоспарын іске асыру шеңберінде "Қонаев" ӘКК " АҚ АӨК субъектілерінің өтінімдері негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын қаржы лизингіне беру үшін сатып алуды келесі шарттармен жүзеге асырады:
- Пайыздық мөлшерлеме 3,5% жылдық ;
- Қаржы лизингінің мерзімі - 5 жыл;
- Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең -1 жыл (жеңілдікті кезеңде төленбеген негізгі борыш жеңілдікті кезеңнен кейінгі жылы төленеді);
- Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең - жоқ;
- Лизингтік төлемдерді жылына бір рет ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін төлеу;
- Кепілмен қамтамасыз ету - лизинг нысанасы құнының 30% ;
- Лизинг шартының қолданылу кезеңінде ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру.
- Лизинг шартының қолданылу кезеңінде ай сайынғы мониторинг жүргізіледі және лизинг нысанасының болу фактісі ӨИС анықтамасымен расталады.
- Лизинг шартының қолданылу кезеңінде лизинг нысанасын үшінші тұлғаларға өткізуге тыйым салынады.
- Мал шаруашылығын дамыту жоспарының қолданылу кезеңінде етті бағыттағы ІҚМ және ұсақ мал төлінің 50% және сүтті бағыттағы ірі-қара малдың 100% -и (айналым қаражаты және лизингтік төлемдерді өтеу) іске асыру көзделген. Төлді сату сатып алу-сату шартымен және өткізілген малды ӨИС-те тіркеудің болуымен расталуы тиіс;
- Асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын сатушыларды таңдауды АӨК субъектілері жүзеге асырады.
АӨК субъектілеріне қойылатын талаптар:
Жоспарға АӨК саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер қатысады. Лизинг алушыларға қойылатын негізгі талаптар:
төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;
банктер мен басқа қаржы институттары алдында салықтар бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы, теріс кредиттік тарихтың болмауы;
ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы;
азық базасының қамтамасыз етілуі немесе оларды сатып алуға ақшалай қаражаттың болуы;
жайылым алаңдарының, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша болуы;
шаруашылықта ветеринариялық-санитариялық саламаттылықтың болуы.
Барлық өтініштер 2023 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде Қонаев қаласы, 2 шағын аудан, 41 ғимарат мекенжайында орналасқан "Қонаев "ӘКК" АҚ ғимаратында қабылданады.
Анықтама телефондары: 8-705-505-57-20, 8-771-413-08-15 8-747-430-11-73
17 қаңтар 2023
Хабарландыру