Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің Алматы облысының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру


2022 жылғы 28 қазанда сағат 13:30 -да Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Мәдениет үйі ғимаратында (Қонаев қ., Жамбыл даңғылы 13) өтеді, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: ұялы. 8 747 601 40 17, 8 (708) 132 78 66 және электрондық мекен-жайға: surak@ecogeo.gov.kz.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8 (708) 132 78 66 немесе 8 (708) 761 97 86 арқылы хабарласуды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология, геология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.
28 қазан 2022
Кездесу