Терроризмге қарсы комиссия отырысының пресс-релизі

Алматы облысы әкімдігі жанындағы

терроризмге қарсы комиссиясы  

отырысының пресс-релизі

 

Алматы облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның (бұдан әрі – ТҚК) 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің төрағалығымен ТҚК отырысы өтті.

Отырыс барасында Қазақстан Республикасы азаматтарының күмәнді шетелдік теологиялық оқу орындарына діни оқудан өту үшін шығуының алдын алу, профилактикалық және оңалту жұмысының тиімділігі, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы аудандық және қалалық терроризмге қарсы комиссиялар қызметінің жағдайы және оны жетілдіру бойынша шаралар, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйі және терроризмге қарсы қорғалуын арттыру жөніндегі шаралар туралы мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

 

Алматы облысы әкімдігі жанындағы ТҚК аппараты

Оқиға күні

30 қыркүйек 2022

Оқиға түрі

Пресс-релиз