"Денсаулық" фестивалі

2022 жылғы 17 қыркүйекте сағат 11.00-де Талғар қаласындағы "Жастар" стадионында "Денсаулық" фестивалі өтеді.

Өткізілетін іс-шараның мақсаты: Профилактикалық медициналық тексеруден және диспенсеризациядан тұрақты өтуге қоғамның назарын аудару. Денсаулықты сақтау және нығайту пайдасына қоғамдық оң пікірді қалыптастыру үшін ақпараттық алаң құру.

Фестиваль бағдарламасына: спорттық іс-шаралар, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер үшін осындай медициналық қызметтер (МӘМС мәртебесіне қарамастан) тегін қолжетімді болады: флюорография, акушер-гинеколог, онколог-дәрігер, маммолог-дәрігер, кардиолог-дәрігер, гастроэнтеролог-дәрігер, невропатолог-дәрігер, хирург-дәрігер, психолог. Бұдан басқа, жедел диагностика жүргізіледі: қандағы глюкоза деңгейін өлшеу, қандағы холестеринді өлшеу, қан қысымын өлшеу, сатурацияны өлшеу.

Оқиға күні

17 қыркүйек 2022

Оқиға түрі

Кездесу