«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы

«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы

🔊🔊🔊⚜ «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының басталуы туралы хабарландыру

📌🌐Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметші күніне арналған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады.

✳️Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін нығайту болып табылады.

🔹Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Агенттіктің аумақтық департаменттеріне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызмет туралы есеп.

📝Конкурсты өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі толық ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ресми сайтына орналастырылған.
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар:
https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/303871?lang=kk
Құжаттарды жіберу үшін байланыстар:
Ugu.almo@mail.ru;
l.nurtazina@Kyzmet.gov.kz;

☎ Анықтама телефондары: 8-771-577-47-86.



Басталу уақыты

12 мамыр 2022

Соңғы күні

25 мамыр 2022

Оқиға түрі

Конкурс