«Алтынай» атындағы I Республикалық би байқауы


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың 90 жылдығына арналған «Алтынай» атындағы I Республикалық би байқауының
баспасөз парағы
Ұйымдастырушы: Алматы облысының әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы.
2021 жылдың 20-21 желтоқсан күндері аралығында Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың 90 жылдығына және «Алтынай» МХБ ансамблінің 35 жылдығына арналған I Республикалық «Алтынай» би байқауы ұйымдастырылды.
Байқау 2 номинация: Қазақ ұлттық биі және Еркін тақырыптағы қойылым бойынша 2 кезеңмен өтетін болады. Байқауды қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалап, байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.
Жеңімпаздар: Бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Сондай-ақ, «Бидің ұлттық құндылығын сақтап, дамытқаны үшін», «Би әлем» орталығының арнайы жүлделелері тағайындалуда. Сонымен қатар, «Ольга Голлушкевич атындағы балетмейстер жүлдесі», «Заурбек Райбаев атындағы балетмейстер жүлдесі», «Әділхан Алпысбаев атындағы балетмейстер жүлдесі» номинациялары бойынша қоюшы балетмейстерлер марапатталады.
Байқаудың басты мақсаты: Қазақ ұлттық би өнерін дәріптеу, би мәдениетін сақтау және дамыту. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін паш етіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кең қанат жайып келе жатқан би өнерінің маңыздылығын ашу, қазақтың төл өнерін насихаттау. Ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға жалғасып келе жатқан төл өнеріміздің қадір-қасиетін, тәлім-тәрбиелік мәнін тиісті деңгейде жалғастыру. Республика көлеміндегі би ұжымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында:
- Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген артисі, өнертану кандидаты, профессор, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, алқа төрағасы Ізім Тойған Оспанқызы.
- ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жақыпбекова Әлия Әлімжанқызы.
3.Қытай Халық Республикасының мемлекеттік І дәрежелі әртісі, балетмейстер Нағима Тайыр.
4.ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры Төкеев Мұрат Орындықбайұлы.
- ҚР Мәдениет қайраткері, «Наз» мемлекеттік би театрының директоры, «Хореография өнері қайраткерлерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы.
- ҚР Мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, Күлбекова Айгүл Кеңесқызы.
- Қазақстан Хореографтар одағының, Халықаралық ЮНЕСКО клубының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Қылышбаев Талант Жамбылұлы.
І Республикалық «Алтынай» би байқауына төмендегі 10 кәсіби деңгейдегі би ұжымдары қатысады:
- Наз» мемлекеттік би ансамблі - Нұр-Сұлтан қаласы.
- «Мереке» би ансамблі - Алматы қаласы.
- «Аққу» би ансамблі – Ақтөбе облысы.
- «Алтай» би ансамблі - Шығыс Қазақстан облысы.
- «Аққу» би ансамблі – Қарағанды қаласы.
- «Ақкербез» би ансамблі – Жамбыл облысы.
- «Томирис» би ансамблі – Қызылорда облысы.
- «Алтынай» мемлкеттік халық би ансамблі – Алматы облысы.
- «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің бишілері – Алматы облысы.
- «Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінің бишілері – Алматы облысы.
Байланыс телефондары:
8 (7282) 32-45-28; 24-41-61 Факс: 24-34-07
Электронды пошта: aocnt123@mail.ru
20 желтоқсан 2021
21 желтоқсан 2021
Конференция