Іле ауданындағы УСК мүшелеріне арналған семинар
Жарияланған күні: 12 қараша 2026
Жаңарту күні: 12 қараша 2026
Көру саны:7
2026 жылғы 11 қарашада Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп Іле ауданының учаскелік сайлау комиссияларына оқыту семинарын өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша білімдерін жетілдіру, практикалық дағдыларын нығайту.



