Информация по итогам 9 месяцев
Көру саны:5
Алматы облысында 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 432,6 мың адамды құрайды, бұл облыс халқының жалпы санының 28%-ына тең.
Отбасының цифрлық картасының деректеріне сәйкес, 14 пен 34 жас аралығындағы NEET санатындағы жастардың саны 15 226 адамды немесе облыстағы жастардың жалпы санының 3,6%-ын құрайды.
Өңірде жастар саясатын: облыстық жастар ресурстық орталығы (ЖРО) – 26 қызметкер, 9 аудандық орталық және Алатау қ. ЖРО – 72 қызметкер, 131 ауылдық округ пен 4 қалалық әкімдіктегі әдіскерлер жүзеге асырады.
Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 35 жасқа дейінгі 12930 адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылды: 3 212 адам enbek.kz порталы арқылы тұрақты бос жұмыс орындарына орналастырылды; 2843 адам мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына және 185 адам ұлттық жобалар шеңберінде жіберілді. 400 АЕК мөлшеріндегі гранттарды жастардың 65 өкілі алды, 6 625 адам өзінің жеке бизнесін ашты. Бұдан бөлек, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 587 адам, Enbek.skills платформасында 588 адам, ал қысқа мерзімді курстарда 212 адам оқытылды.
Мемлекет басшысы белгілеген «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында облыс аумағында тұрақты түрде қоғамдық акциялар, форумдар, ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ерекше айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 1000-нан астам жасты қамтумен «Stop corruption» тақырыбында 48 кездесу, ал ойынға тәуелділіктің алдын алу бойынша 700-ден астам жастың қатысуымен «АзартНЕТ» тақырыбында 49 профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін әлеуметтік желілерде 35 ақпараттық бейнеролик жарияланды, ал 550-ге жуық еріктінің қатысуымен өткен антиграффити форматындағы акциялар аясында есірткі құралдарының жарнамасына байланысты 1 810-нан астам заңсыз жазу анықталып, жойылды. Бұдан бөлек, Алматы облысының прокуратурасымен және Полиция департаментімен бірлесіп, облыстың 9 ауданы мен 1 қаласында құқық бұзушылықтардың, есірткі қылмысының, киберқылмыс пен экстремизмнің алдын алуға бағытталған, 5 мыңнан астам жас қатысқан ауқымды «Заң мен тәртіп» форумдары өткізілді.
Жалпы, өңірде жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық жауапкершілікті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүйелі негізде жалғасуда.
«OZGER» жобасы аясында жыл басынан бері зорлық-зомбылықтың, буллингтің, лудоманияның алдын алу, қауіпті заттарды тұтынудың, нашақорлықтың, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жастар ресурстық орталығының психолог-мамандары 76 іс-шара өткізді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде 3000 еріктінің қатысуымен 89 экологиялық акция ұйымдастырылды.
Соңғы екі жылда облыстың 7 ауданында (Балқаш, Райымбек, Кеген, Қарасай, Іле, Талғар, Ұйғыр) және Қонаев қаласында жаңа жастар ресурстық орталықтары ашылды. 2027 жылы тағы 2 ауданда (Жамбыл, Еңбекшіқазақ) осындай орталықтарды ашу жоспарлануда.
ЖРО психологтары 47 жеке консультация және 85 топтық іс-шара өткізіп, жалпы 800-ге жуық адамды қамтыды.