9 ай қорытындысы бойынша ақпарат
Көру саны:4
Облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 12 түріне қарсы ветеринариялық алдын алу шаралары жүргізілуде. 9 айлық жоспар 100%-ға орындалды, 12 080 352 ветеринариялық манипуляция жүргізілді.
Сібір жарасына 3,3 млн. бас (ірі қара - 562,5 мың, ұсақ мал – 2 587,4 мың, жылқы – 183,3 мың, түйе - 4,9 мың, шошқа – 12,5 мың), қой шешегіне 2 296,5 мың бас, пастереллезге 1 681,0 мың бас (ірі қара – 300,0 мың, ұсақ мал – 1 370,0 мың, жылқы - 6,7 мың, шошқа - 3,6 мың), қарасанға 359,1 мың бас, аусылға 3,5 млн. бас (ірі қара – 914,8 мың, ұсақ мал - 2 529,6 мың бас, шошқа - 16,1 мың бас) вакцинацияланды.
Бруцеллез ауруына 622,3 мың бас ірі қара, 2 159,4 мың бас ұсақ мал зерттеліп, 153 бас ірі қара, 24 бас ұсақ мал ауруға оң нәтиже көрсетті. Ауру жануарлар санитариялық союға өткізілді. 128 бас ірі қара мен 11 бас ұсақ малдың иелеріне 20,3 млн теңге өтемақы төленді.
Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті ауруларының 2 қолайсыз ошағы тіркелді. Олар: Қарасай ауданы Ұмтыл ауылдық округінде иттердің құтыруы және Кеген ауданы Жалағаш ауылдық округінде ұсақ малдың брадзоты. Ошақтарда сауықтыру шаралары толығымен жүргізілді.
Қазіргі уақытта облыс аумағындағы эпизоотиялық жағдай тұрақты.
2. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер қорында 702 517 бас ірі қара, 3 229 059 бас ұсақ мал, 277 679 бас жылқы, 14 745 бас шошқа, 9 671 бас түйе тіркелген.
Ағымдағы жылы туған 142 526 бұзау, 918 552 қозы-лақ, 39 220 құлын, 12 700 торай, 1 158 бас бота бірдейлендіріп, дерекқорға енгізілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған құлақ сырғаларын сатып алу үшін ағымдағы жылы 193,5 млн теңге бөлініп, ірі қараға 100 000 дана, түйеге 1 000 дана, ұсақ малға 2 121 545 дана құлақ сырғалары сатып алынды.
3. Облыс аумағында 40 мал сою нысаны жұмыс істейді (21 сою пункті, 17 сою алаңы, 2 ет өңдеу кәсіпорны). Жыл басынан 91 247 бас мал союдан өткізілді (ірі қара – 16 128, ұсақ мал 62 793, жылқы – 2 079, шошқа – 10 043, түйе - 4).
Бірыңғай ақпараттандырылған басқару жүйесі (ЕАСУ) веб-порталы арқылы жыл басынан 36 676 дана (№1 нысан – 30 153, №2 нысан – 4 785 , №3 нысан - 1 738) ветеринариялық анықтама берілді.
Сонымен қатар, «Еттің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы» модулі жұмыс істейді. Жүйе мал союдан кейінгі тексеру нәтижелері бойынша ветеринариялық дәрігерлердің сараптама актісін рәсімдеуге арналған. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің 2025 жылғы 3 қарашадағы №311 бұйрығына сәйкес, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінің «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» модуліне қоғамдық тамақтану және тұтыну объектілерін пилоттық режимде қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күнге, 45 мал сою нысаны жүйеге қосылған (40 нысан жұмыс істеп тұр, 5 нысан уақытша жұмысын тоқтатқан) 37 ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы қосылған (4 зертхана қазіргі уақытта жұмыс істемейді, 21 ішкі сауда объектісі тіркелген).
Жыл басынан модульмен №2 нысанды 54 960 дана ветеринариялық анықтама және 388 419 сараптама актілері рәсімделді.
Сонымен қатар, соңғы өзгерістерге сәйкес жүйеге 1 605 объекті қосылды.
Полиция басқармасымен бірлесіп мал ұрлығына қарсы рейд тұрақты түрде жүргізіледі. Тиісті құжаттарсыз жануарлар мен олардың өнімдерін тасымалдағаны үшін 70 заң бұзушылық анықталып, 3,2 млн. теңге айыппұл салынды.
4. Ветеринариялық насандармен қамтамасыз ету. Облыста ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2026–2027 жылдарға жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 94 ветеринариялық пунктті – 2,8 млрд теңгеге, сондай-ақ 52 мал қорымын – 1,3 млрд теңгеге сатып алу жоспарланған.
2026 жылы 47 пунктті сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 16 пункттің құрылысы аяқталды (Еңбекшіқазақ ауданында – 7, Жамбылда – 5, Кегенде – 4).
Қалған 31 нысандар бойынша құрылыс жұмыстары қараша айының 10-на дейін аяқталады (Балқаш ауданы -6, Райымбек ауданы- 6, Іле – 4, Қарасай -2, Талғар – 5, Ұйғыр – 7, Жамбылда – 1).
Сонымен қатар, 2026 жылы 26 мал қорымын салуға 637 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 8 мал қорымының құрылысы аяқталды (Ұйғыр ауданы - 3, Жамбыл ауданы – 2, Іле – 2 Енбекшіқазақ ауданы - 1). Жалпы, жоспарланған нысандардың 31% орындалған. Қалған 18 мал қорымы құрылысы жүргізіліп қараша айының 10 на дейін аяқтау жоспарланған. (Райымбек ауданы – 6, Іле ауданы – 1, Кеген ауданы – 2, Енбекшіқазақ ауданы – 1, Талғар ауданы – 1, Балқаш ауданы – 2, Жамбыл ауданы - 5).
5. Жыл басынан келіп түскен өтініштер негізінде иесіз жануарларды аулау жұмыстарына 103,7 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді. Нәтижесінде бірқатар аудандар мен қалалар бойынша мердігер ұйымдар анықталып, 14 967 ит пен 115 мысық ауланды.
Сонымен қатар, жануарларды ұстау қағидалары мен заң талаптарын бұзғаны үшін 512 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 9,7 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII Заңымен «Ветеринария туралы» Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыруды ұйымдастыру функциялары ветеринария саласының құзыретінен алынып тасталды.
Осыған орай, Алатау қаласында 16,5 млн. теңге және Іле ауданында 17,3 млн. теңге бөліп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы мердігерлерді анықтап, тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Қалған аудан және қала әкімдіктеріне осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру бойынша тиісті хаттар жолданып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.