Қоғамның салауатты әдеттерді қабылдауға деген ынтасын арттыру
Көру саны:1
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, адам денсаулығының денсаулық сақтау жүйесіне тәуелділігі небәрі 10%-ды құрайды, ал 50%-ы өмір салтына байланысты. Өмір салты өз кезегінде қоршаған орта, таңдау еркіндігі, өмір сапасы және денсаулықты жақсарту мүмкіндіктерінің қолжетімділігі сияқты факторлардың әсерімен қалыптасады. Осыған орай, физикалық белсенділікті, дұрыс тамақтануды, зиянды әдеттерден бас тартуды және эмоционалды тепе-теңдікті сақтауды қамтитын салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған қоғамдық пікір мен халықтың белсенді қатысуын қалыптастыру аса маңызды. Сарапшылардың пікірінше, негізгі нұсқауларды ұстану жүрек-қан тамырлары ауруларының 80%-ына дейін және қатерлі ісіктердің 40%-ына дейін алдын алуға мүмкіндік береді.
Өмір салтын өзгертуге және салауатты өмір салтының негізгі аспектілерін сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру қоғамның салауатты әдеттерді қабылдауға деген ынтасын арттыруға және халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі. Осылайша, Алматы облысында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі ақпараттық науқан және Дүниежүзілік күндерге орайластырылған Ұлттық бағдарламалар аясында 4-мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 174 мыңнан астам облыс тұрғыны қамтылды. Қант диабетінің алдын алу бойынша 20 000 парақша шығарылды. «Дене белсенділігі және дұрыс тамақтану», «Күйзелісті басқару», «Созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу», «Мінез-құлықтық тәуекел факторларының алдын алу, соның ішінде темекі өнімдерінің жаңа түрлері мен құрылғылары, ұзақ тұтынудың әсері жеткілікті зерттелмеген өнімдер туралы ақпараттандыру», «Репродуктивтік денсаулық» тақырыптарында сарапшылардың теледидарда сөз сөйлеуі көрсетілді. Баспасөзде «Темекі тұтынуды азайту шараларын енгізу» тақырыбында мақалалар жарияланды. Өткізілген іс-шаралар, инфографикалар, денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысты бейнероликтер, иммунитетті күшейту және баланы мектепке дайындау, соның ішінде мектеп сөмкесін, аяқ киім мен басқа қажетті құралдарды таңдау бойынша ұсыныстарын қамтитын 300-ден астам жарияланым веб-сайт пен әлеуметтік желілерде орналастырылды