Аңшылық алқаптарды бекіту жөнінде конкурс

Алматы облысының әкімдігі аңшылық алқаптарды бекіту жөнінде конкурс өткізеді.  Конкурсқа  Ақсу ауданында: Қапал-16135 га, Енбекшіқазақ ауданында: Нұра – 12919,38 га,  Алмалы – 14420,95 га,   Жамбыл ауданында: Үлкен – 31649,84  га,  Ескелді ауданында:  Березовка-59032 га аңшылық алқаптары қойылады.

Конкурс 2020 жылдың 24-ші қарашасында  сағат 11.00-де, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26 мекенжайы бойынша өтеді.

Қатысушылар конкурстық өтінімдерін конкурс хатшысына 2020 жылғы  16-23 қараша  аралығында өткізе алады. Өтінімдер жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады. Конкурсқа  жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурс құжаттарын 2020 жылғы  4  - 23 қараша   аралығында (жұмыс күндері) сағат 9.00 – 18.30 дейін алуға болады. Байланыс телефондары: 8 (7282) 32-96-85, 32-93-83.

 

Жарияланған күні

29 қазан 2020

Жаңарту күні

29 қазан 2020

Жарияланымның авторы