Меню

Страницы

Статья

Қаржы реттеушісі кадр резервін қалыптастыруда

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) кадр резервін қалыптастыра бастағаны жайында хабарлайды.

Үміткерлерді таңдау кезінде жоғары білім, жұмыс тәжірибесі, біліктілік деңгейінің жоғары болуы, сондай-ақ халықаралық қаржы және тіл білу сертификаттарының болуы негізгі өлшемшарттар болып табылады.

Іріктеу кезең-кезеңімен өтетін болады. Үміткерлер резюме мен эссе тапсырады. Бос лауазымды атқаруға қойылатын талаптарға сәйкес келетін кандидаттар Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге шақырылады.

Барлық кезеңдерден сәтті өткен кандидаттар кадр резервіне алынады және бір жылдың ішінде Агенттікке жұмысқа орналасуы мүмкін.

2020 жылғы 6 қазан және 5 қараша (қоса алғанда) аралығындағы кезеңде іріктеуге қатысу үшін кандидаттар Агенттіктің (https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/22830?lang=ru) ресми сайтындағы:

- «Резюменің» электрондық нұсқасының үлгісін (бұдан әрі – үлгі) жүктеуі;

- үлгіні талаптарға сәйкес толтыруы;

- үлгіні және суретіңіз жапсырылған, word форматындағы резюмені cv@finreg.kz электрондық мекенжайына жіберуі қажет.  

           

Жұмысқа орналасу және іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 237 1228, +7 (727) 237 1236. 

 

 

Дата публикации
20 октября 2020
Дата обновления
20 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы