Меню

Страницы

Статья

Об обращениях поступивших на рассмотрение в акимат Алматинской области за 1 квартал 2025 года

Есептік кезеңде Алматы облысы әкімдігіне барлығы 19 931 өтініш түсті. Оның ішінде:

  • жеке тұлғалардан – 14 771,

  • заңды тұлғалардан – 4 928,

  • ұжымдық – 232.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, 2025 жылдың І тоқсанында өтініштер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға азайды (2024 жылы – 22 366, яғни 2 435-ке артық). Бұл жағдайды облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдіктерінің жұмысының жандануы, мәселелерді «осында және қазір» қағидасы бойынша шешу, сондай-ақ өтініштермен жұмыс жүргізудегі орындаушылық тәртіптің артуымен түсіндіруге болады.

Өтініштердің жалпы көлеміндегі үлесі:

  • арыздар – 13 560 немесе 68% (2024 ж. – 79%),

  • шағымдар – 1 048 немесе 5% (2024 ж. – 4%),

  • өзге түрлері (пікірлер, ұсыныстар, сауалдар) – 5 323 немесе 27% (2024 ж. – 16%).

Аудан бойынша ең көп түскен өтініштер (ТОП-3):

  • Қарасай ауданы – 2 710 (13%),

  • Талғар ауданы – 2 669 (13%),

  • Іле ауданы – 1 584 (8%).

Басқармалар бойынша:

  • білім беру – 6 068 (15%),

  • денсаулық сақтау – 1 165 (6%),

  • ветеринария – 651 (3%).

Әлеуметтік мәртебесі бойынша: өтініштер барлық негізгі халық топтарынан түскен. Көбіне көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, зейнеткерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жүгінген.

Көтерілген негізгі мәселелер:

  1. Әлеуметтік қамтамасыз ету – 4 133 (21%),

  2. Құрылыс, абаттандыру, инженерлік желілерді дамыту, көлік, тұрғын үй және ТКШ – 2 042 (10%),

  3. Жер бөлу, жер пайдалану, ауыл шаруашылығы – 1 631 (8%).

Талдау нәтижесі көрсеткендей, өткен жылы да негізгі бағыттар дәл осы ретпен басымдыққа ие болған.

Маңызды көрсеткіштердің бірі – өтініштерді ҚР заңымен белгіленген мерзімде қарау.
2025 жылдың І тоқсанында мерзімі бұзылған өтініштер тіркелмеді. Ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 124 өтініш мерзімі сақталмай қаралған болатын, бұл мемлекеттік органның тиімділігіне теріс әсер еткен еді.

Бақылау үш сатылы жүйе бойынша жүргізіледі:

  1. Күнделікті еске салу – жұмыс чаттары мен телефон қоңыраулары арқылы;

  2. 3-5 күн қалғанда – «ОДО» ақпараттық жүйесі арқылы ресми хабарлама;

  3. Орындамаған жағдайда – тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау туралы қызметтік жазбалар.

Әр апта сайын ZOOM платформасында барлық деңгейдегі әкімдіктер мен облыстық басқармалар қызметкерлерімен ҚР ӘППК аясында өтініштерді қарау бойынша кеңес өткізіледі. Ай сайын халықтың проблемалық әрі жүйелі мәселелерін анықтау мақсатында мониторинг жасалады.

Қақтығысты жағдайларға жол бермеу және «диалог алаңын» құру мақсатында бөлім азаматтарға ЦПГ алаңында кеңес береді, тиісті құрылымдық бөлімшелерді шақырып, мәселелерді «осында және қазір» қағидаты бойынша шешуге ықпал етеді.

Әр апта сайын аппараттық жиналыстарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы талданып, құрылымдық бөлімшелердің басшылығына жеткізіледі. Сонымен қатар ҚР ӘППК нормаларын, өтініштерді тіркеу және есепке алу ережелерін, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібін сақтау мәселелері бойынша көшпелі семинарлар өткізіледі.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және ҚР ӘППК талаптарына сәйкес азаматтардың өтініштеріне жедел әрі тиімді әрекет ету мақсатында 2025 жылдың І тоқсанында облыс әкімі аппаратының басшылығы ЦПГ алаңында 9 жеке қабылдау өткізіп, 54 азаматты қабылдады. Барлығы 47 мәселе көтерілді, оның ішінде:

  • 9-ы бойынша түсініктеме берілді,

  • 18-і орындалды,

  • 20-сы орындалу үстінде.

(Анықтама: тұрғын үй және ТКШ – 18, жер және ауыл шаруашылығы – 11, адам құқықтары және әлеуметтік қорғау – 4, білім беру – 3, құрылыс – 2, сәулет – 2, мемлекеттік қызмет – 2, сот мәселелері – 2, мәдениет және спорт – 2, денсаулық сақтау – 1).

Өтініштермен жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп, ерекше бақылауда тұр.

Дата публикации
14 апреля 2025
Дата обновления
24 сентября 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
19 октября 2026
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам, определенных по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков (МОБ)
Информация
19 октября 2026
Накты
Информация
19 октября 2026
Сайт города Қонаев

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы