«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикалық маңызды автокөлік жолдарын жөндеу

2013 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде жалпы Алматы облысында «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикалық маңызды автокөлік жолдарының 559 км қайта жаңғыртылды  (жалпы желісінің 20%), (Алматы-Талдықорған 255 км, Алматы-Қорғас 304 км).

Алматы облысындағы республикалық маңыздағы автокөлік жолдарының жалпы желісі 2822 км, жолдардың 72% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысында ұзындығы 813 км республикалық маңыздағы автожолдардың құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде (Талдықорған-Өскемен 313 км, Күрті-Бурылбайтал 166 км, Ұзынағаш-Отар 80 км, Күрті-Қапшағай 67 км, Үшарал-Достық 180 км, Шамалған ст. айналма жол 7 км).

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға 2050 бірлік жол-құрылыс тхникасы мен 3524 адам тартылған.

Жыл қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 579 км болатын автожол учаскесіндегі жол қозғалысын ашу (Талдықорған-Өскемен (313 км) – 313 км; Күрті-Бурылбайтал (166 км) - 166 км; Үшарал-Достық (180 км) - 60 км; Ұзынағаш-Отар (80 км) – 40 км).

Жарияланған күні

28 мамыр 2020

Жаңарту күні

28 мамыр 2020

Қызмет бағыты