2023 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 60,5 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда
Жарияланған күні: 17 ақпан 2023
Жаңарту күні: 17 ақпан 2023
Көру саны:41
2023 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 60,5 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, оның ішінде:
Іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде 6,6 мың адам жұмысқа орналасатын болады;
10,1 мың адам – субсидияланатын жұмыс орындарына;
22,4 мың адам – Мемлекет басшысының "10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны" бастамасы аясында;
20,4 мың адам – жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына, қалған 1 мың адам – облысты дамыту, микрокредит беру бағдарламалары шеңберінде.
Жыл басынан бері облыс бойынша 2,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: 803 адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылды; 464 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды; 1529 - жеке бастамалар шеңберінде.
Жарияланған күні
17 ақпан 2023
Жаңарту күні
17 ақпан 2023
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты