2023 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 9 тапсырмадан: орындалғаны – 3, орындалу үстінде – 6.
|
№ р/с |
Өтініш берушінің аты-жөні, елді мекен |
Сұрақ |
Проблемалық мәселелерді шешу шаралары |
Мерзімі |
Жауаптылар |
|
1 |
Қанат Бекмұханбетов Қожанұлы Бақанас ауылының тұрғыны |
15 ауылдық округте мал қорымдарын жұмыс істеп тұруына мониторинг жүргізу толық іске қосылуына жұмыс жасау туралы. |
Орындалу үстінде Аудан көлемінде 11 мал өлексесін тастау қорымдары жұмыс істеп тұр. Ал 4 ауылдық округтерде (Ақдала, Бақанас, Ақкөл, Береке) мал қорымдарының толып кетуіне байланысты басқа жерден жер бөлініп, мемлекеттік актілері алынды. Бүгінгі күнде тиісті құжаттары дайындалып (мемлекеттік акт, ПИР) облыстық ветеринария басқармасына 2022 жылдың 29 – шы қарашасында, 19.01.2023 жылғы №443 хатпен ұсыныс берілген. 2023 жылдын аягына дейін 4 ауылдық округте мал қорымдары пайдалануға беріледі. |
01.08.2022 ж. |
Б.Т.Дәрібаев, Г.Р.Нарбаев, Қ.Соқабаев, Е.Құрағұлов, барлық ауылдық округ әкімдері |
|
15 ауылдық округте мал сою алаңдарын ашу туралы. |
Орындалу үстінде Аудан көлемінде 15 мал сою орындары қажет. Бүгінгі күнде 9 мал сою алаңдары мен пункттері жұмыс істеп тұр. Ал 6 ауылдық округтерде (Ақдала, Қарой, Ақжар, Бірлік, Топар, Береке) жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы мал сою алаңдарының құрылысы жүргізілуде. Мал сою орындарынан аудан халқына қиындық туындап тұрған жоқ. Қәзіргі таңда қыс мезгілі болуына орай, 2023 жылы сәуір мамыр айларында (Ақдала ауылынан М.Е.Дүйсенбеков, Қарой ауылынан И.Алибеков, Ақжар ауылынан С.Нұрбосынов, Бірлік ауылынан А.Алтикбаев, Топар ауынан А.Д.Жұмашев және Береке ауылынан Б.Ибраимов) мал сою алаңдарының құрылыс жұмыстары аяқталатын болады. |
31.12.2022 ж. |
Б.Т.Дәрібаев, Г.Р.Нарбаев, Қ.Соқабаев, барлық ауылдық округ әкімдері |
||
|
Кекек шөбіне қарсы күрес жүргізу туралы.
|
Орындалу үстінде Ауыл шаруашылық басқармасы мен Мемлекеттік инспеция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясымен бірлесіп, кекек шөбі өскен 8054 га жер анықталып карантиндік арамшөптер тізіміне енгізу туралы ұсыныс Ауылшаруашылық Министрлігіне жолданды. Сонымен қатар Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зертеу институты ғалымдарымен кекек шөбін жою туралы Қазақтын өсімдік қорғау гылыми зерттеу институты және мал азықтарын өндіру гылыми зерттеу институтымен бірлесе 2022 жылы 08 тамыз күні №7 хаттамасымен (Тыңайған жерлерді игеру, мал азықтық дақылдарды өсіру және улы өсімдіктермен күресу шаралары) семинар кеңес өткізілді. Қыс мезгіліне байланысты жұмыстары тоқтап тұр. Ал тәжірибелік-зерттеу жұмыстары сәуір айынан бастап қайта жаңғыратын болады. Облыстық ауылшаруашылық басқармасында 27.01.2023 жылы №17 хаттамасындағы семинар кеңесте улы кекек шөбін зерттеу және алдын алу жөніндегі жиында қаражат керектігі ескерілген. Осыған орай 30.01.2023 жыл №74-04/66-и хатпен облыс әкімінің орынбасары Р.Рақымбековке улы кекек шөбіне ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 019-шы бағдарламасына сәйкес қаражат қарастыруға ықпал етуі сұралды. |
Тұрақты |
Б.Т.Дәрібаев, Г.Р.Нарбаев, А.Мыңғышев барлық ауылдық округ әкімдері |
||
|
Мемлекеттік наградалар туралы. |
Орындалды
ҚР Мемлекеттік наградалар туралы Заңына сәйкес, Балқаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбегі сінген азаматтарға мемлекеттік наградалар қарастырылуы бақылауға алынды. Еңбегі сіңген адамдарға комиссияда қарылып беріледі. Балқаш ауданы әкімі аппаратындағы жұмысшы тобының 29.07.2022 жылғы №3 хаттамасымен 5 ұсыныс қаралып, облысқа ұсынылған. Оның ішінен 3-і өтіп мемлекеттік наградалары берілді. |
Тұрақты |
Қ.Ақылбеков |
||
|
2 |
Коканбаева Зауреш Бақбақты ауылының тұрғыны. |
Бақбақты ауылы ауданда Бақанастан кейінгі халқының саны жағынан 2-ші орында тұрған ауыл. Ауылымызда көп балалы аналар және басқа да әлеуметтік жағынан осал топтардың көптігін ескеріп 10 жалгерлік тұрғын үй соғып беруге өз ықпалыңызды тигізсеңіз. |
Орындалу үстінде Бақбақты ауылына 10 тұрғын үйлердің құрылысы нысанына жобалау сметалық құжаттамасын сараптама қорытындысымен әзірлеуге 8 500 000 мың теңге, осы тұрғын үйлердің абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы нысанына жобалау сметалық құжаттамасын сараптама қорытындысымен әзірлеуге 5 600 000 мың теңге аудан әкімінің 21.07.2022 жылы №74-04/554-и хатымен Алматы облыстық құрылыс басқармасына жолданды. Облыс бюджетін кезекті нақтылауы бойынша өтетін мәслихат сессиясына енгізу сұралып, 2023 жылдың бюджетіне енгізілді. Облыстық құрылыс басқармасына 10 жалгерлік тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамасына тиісті қаражат бөлінген. Осы бөлінген қаражаты облыстық мәслихат сессиясымен жергілікті бюджетке қаржы отырғызылғаннан кейін жобалау сметалық құжатын және сараптамасы 15.10.2023 жылы дейін дайындалып облыстық құрылыс басқармасы арқылы қаражат өтінімі беріледі. |
01.11.2022 ж. |
Б.Әбдібаев А.Жұмабеков
|
|
3 |
Кушалиев Жасұлан Микоянович Бақанас ауылының тұрғыны. |
Бүгінгі таңда Балқаш ауданының Бақбақты, Бірлік, Миялы, Бояулы ауылдарында газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Бақанас және Ақдала ауылдарына газ құбырлары толығымен тартылды. Алайда Балқаш ауданы аумағында магистралды газ құбырында газ жоқ. |
Орындалу үстінде Балқаш ауданының "Бақанас" автоматты газ таратушы станциясы (АГТС) бойынша ақпарат
Тапсырыс беруші - "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы" - Бас мердігер - "Akniet grupp"ЖШС - Құрылыстың аяқталу мерзімі-2019 жылғы желтоқсан. Қазіргі уақытта пайдаланушы ұйымның болмауына байланысты құрылыс нормалары және ереже талаптарына сәйкес АГТС-да газды іске қосу үшін салынған газ құбырының герметикалығын қайта тексеру, сондай-ақ жабдықты тексеру қажет. "Интергаз Орталық Азия" АҚ "Алматы" УМГ мамандарымен бірлесіп жүргізілген шығуға (аныктауга) сәйкес өлшеу аспаптарының (манометрлердің) жоқтығы анықталды, реттеуші жабдық монтаждалмаған, және одоризация жабдығы қосылмаған. Сондай-ақ, қазіргі уақытта "Akniet grupp" ЖШС басшысы Н. Битибаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті мердігер мекемеге тексеру жүргізуде. Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында қозғалған қылмыстық іске байланысты АГТС бойынша барлық жұмыстар уақытша тоқтатылды, сот шешімінен кейін жұмыстар қайта жалғасады.
|
15.10.2022 ж.
|
Б.Әбдібаев Р.Манат |
|
4 |
Жазылбеков Сұлтан Жиделі ауылының тұрғыны |
Жиделі ауылының жанынан өтетін Іле өзенінің сағасы 12-15 метрге тұрғын үйге жылжыды. Іле өзені жағаларына нығайту, тас қоршауларын салуға ықпал етуіңізді сұраймын.
|
Орындалу үстінде Іле өзені жағаларына нығайту, тас қоршауларын салуға ықпал ету үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға аудан әкімінің 21.07.2022 жылы №74-04/553-и және аудан әкімінің 20.01.2023 жылы №74-04/48-и хаты облыстық құрылыс басқармасына сұраныс жолданған.
(ауыл шаруашылық басқармасы) Алматы облысы Балқаш ауданы Жиделі ауылындагы Іле өзенінің жағалауын нығайту жумыстарына ЖСҚ азірлеу бойынша хат басқарманын қарауында. Қазирги таңда хат караусыз, Балхаш ауданының әкімшіліне кайтарылады, қужаттары толық емес (сараптама актісі, техникалық корытынды және жергілікті төтенше жагдайлар бөлімінің қортындысы жоқ) сол себептен қараусыз қайтарылады. Құжаттар толығымен ұсынған жағдайда құрылыс басқармасы бюджеттік комиссияга ЖСҚ-ға әзірлеуге ұсынылады. |
16.08.2022 ж.
|
Б.Әбдібаев А.Жұмабеков А.Сабанбаев |
|
5 |
Ақшолақова Айгерім Бейсенбайқызы Бақбақты ауылының тұрғыны. |
Бақбақты ауылы аудан орталығы Бақанас ауылынан кейінгі үлкен ауылдардың бірі болып табылады. Ауыл халқының саны да көп. Осыған орай, ауылымызға балалар ойнайтын алаң, саябақ салып беруіңізді сұраймыз. |
Орындалды Балқаш ауданы Бақбақты ауылының Абай көшесін жайластыру бойынша – жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, 2021 жылы №SAT-0004/21 санды сараптама қорытындысы шыққан. Сараптама қорытындысына сәйкес құрылыс жұмыстары 207 984,0 мың теңгеге есептелген. Алматы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бірнеше мәрте бюджеттік өтінім берілген, нақтырақ 15.06.2021 жылғы №74-2-74/1033, 10.09.2021 жылғы №74-2-74/1600 және 18.11.2022 жылғы №74-04/889-и санды хаттар жолданған. 2023 жылға саябақ салуға тиісті қаражаты бөлініп. 25.01.2023 жылы конкурс берілді. Аяқталу мерзімі 16 ақпан. |
29.07.2022 ж. |
Б.Әбдиев Р.Манат А.Жұмабеков
|
|
6 |
Сүйіндіков Темірғали Түймебайұлы Ақдала ауылының тұрғыны |
Ақдала ауылына фельдшерлік акушерлік пункт (ФАП) ғимаратын соғып беруге көмектессеңіз. |
Орындалды Фельдшерлік-акушерлік құжаттамасы әзірленіп 19.02.2021 жылы сараптамадан өткізілген. Жобалық құны 210,5 млн. теңге. Қаражаттары облыстық құрылыс басқармасында. Аудан әкімінің 21.07.2022 жылы №74-04/552-и санды хатымен Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ө.Ә.Ниязбековке ұсыныс берілді. 26.01.2023 жылы конкурс берілді. Аяқталу мерзімі 23 ақпан. |
01.10.2022 ж. |
А.Құтпанбетов Д.Ж.Иманалиев А.Жұмабеков
|
Аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.А.Ақылбеков