Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 98-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесі орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органға берген қолдаухаты, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның бастамасы негіз бола алады. Құндылығы жоғары ауыл шаруашылығы алқаптарын құндылығы төмен алқаптарға ауыстыру негіздері мыналар болып табылады:
егістік үшін — жердің агроөндірістік топырақ сипаттамаларының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуі, токсиндік заттармен ластану деңгейінің жоғары болуы;
көпжылдық екпелер үшін — екпелердің шекті жасы, олардың сиреуі, тұқымдық құрамының қанағаттанғысыздығы, жердің қолайсыз топырақ-мелиорациялық сипаттамалары;
шабындықтар үшін — жердің шөлейттенуі, шалғындық өсімдіктердің тозуы, жердің мелиорациялық жай-күйінің нашарлауы;
жайылымдар үшін — тозуы (тапталуы).
Суармалы жерлерді суарылмайтын жерлерге ауыстыру кезінде жоғарыда аталған факторларды ескерумен қатар, суару көзімен байланыстың жоғалуы, сумен қамтамасыз етілмеуі, шаруашылықішілік суару жүйелерінің техникалық жай-күйі, ал жайылмалы суармалы жерлер үшін — ағынды суды қайта бөлу немесе су ресурстарының болмауы салдарынан су басудың тоқтатылуы, құрылыстардың техникалық жай-күйі ескеріледі.
Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар құнды ауыл шаруашылығы алқаптарын құндылығы төмен алқаптарға ауыстырудың басқа да көрсеткіштерін белгілей алады: ауыл шаруашылығы алқаптарының ең төменгі өнімділігі, топырақтың сортаңдану, сорлану, ластану деңгейі және алқаптардың сапалық сипаттамасына әсер ететін өзге де критерийлер. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөніндегі материалдарда мыналар болуы тиіс:
тұжырымдар мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;
бір түрден екінші түрге ауыстыру жоспарланған жерлердің экспликациясы;
трансформациялауға жататын анықталған ауыл шаруашылығы алқаптары көрсетілген далалық зерттеу актісі мен сызбасы;
жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;
суару желісінің, жайылмалы суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер.
Суармалы жерлерді құндылығы төмен алқаптарға ауыстыру туралы шешімді облыстық атқарушы орган қабылдайды.
Құндылығы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын құндылығы жоғары алқаптарға ауыстыру туралы шешімді аудандық (қалалық) атқарушы орган қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабына сәйкес, меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе өтеусіз уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер салығы салынады. Мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген жер учаскелері үшін жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы алынады. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу және бюджет кірісіне төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес анықталады. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (Салық кодексі) 503-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақ сапасына қарай сараланады. Топырақ бонитетінің балын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аумақтық бөлімшелері анықтайды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 167-бабы талаптарына сәйкес, жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.
Жеке меншіктегі жер учаскелеріне байланысты даулар (жанжалдар) тараптардың келісуі бойынша медиация тәртібімен қаралуы мүмкін.
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жүзеге асырады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
1 қадам. Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін бастау үшін негіздеме (ҚР Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағы).
2 қадам. Мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы шешім («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабы 1-тармағы). Қаулыны қала, аудан әкімдігі қабылдайды (жердің экспликациясын дайындағаннан кейін бір апта мерзімде).
2-1 қадам. Қаулының мазмұнына қойылатын міндетті талаптар («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабы).
2-тармақ.
1.қаулының мақсаты
2.жер учаскесінің орналасқан жері мен ауданы
- иеліктен шығару күні
4.меншік иесі
5.меншік иесінің өтініш берген орны
2-4-тармақ. БАҚ-та ресми жариялануға тиіс.
2-2 қадам. Мемлекеттік меншіктегі жерлерді резервке қою (ҚР Жер кодексінің 49-бабы 2-тармағы). Резервті аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша облыс әкімдігі жүргізеді.
3 қадам. 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде меншік иесін хабардар ету («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабы 1-тармағы).
3-1 қадам. Меншік иесінің келісу рәсімдеріне құқығы («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 69-бабы 1-тармағы).
- оның орнына тең бағалы учаске беру;
- өтемақы мөлшері және т. б.;
- учаскені сатып алу құқығы хабарлама алған сәттен бастап туындайды.
4 қадам. Өтемақы мөлшері («ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 67-бабы) мүлікті бағалау-бір айлық мерзімде.
4-1 қадам. Жер учаскесінің құны.
Нарықтық құны «ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 208-бабымен айқындалады.
4-2 қадам. Жылжымайтын мүліктің құны 3-т.
Жер учаскесіндегі жылжымайтын мүліктің құны «ҚР мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 208-бабының нарықтық құны мөлшерінде айқындалады. Бар болса.
4-3 қадам. Залалдарды өтеу мөлшері 4-т.
ҚР Азаматтық кодексінің 4-5-тармақтарына сәйкес «құқығы бұзылған адам өзіне келтірілген залалды толық өтеуді талап ете алады».
5 қадам. Мәжбүрлеп иеліктен шығарудың негізі:
- Шарт немесе сот шешімі
- Жергілікті атқарушы орган мәслихатқа меншік иесі хабарлама алған сәттен бастап екі ай мерзімде сатып алу шартының жобасын ұсынады.
6 қадам. Мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шарт.
7 қадам. Белгіленген тәртіппен өтемақы төлеу.
Жер учаскесін бағалауды тәуелсіз бағалау компаниясы жүргізеді. Бұл ретте бағалау компаниясы бағалаудың дұрыстығына жауапты болады.
Бұдан басқа, бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы, егер бағалау туралы есеп жасалған күннен бастап бағалау объектісімен мәміле жасалған күнге дейін немесе жария оферта ұсынылған күнге дейін алты айдан аспаса, бағалау объектілерімен мәміле жасау мақсаттары үшін ұсынылатын болып танылады.
Меншік иесі бағалау сомасымен келіспеген жағдайда жер учаскесінің құны сот тәртібімен айқындалады. Бұл процедура белгілі бір уақытты алады.
Сот органдары мүлікті бағалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында сот - тауартану сараптамасын тағайындауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.
Сатуға арналған жер учаскесі: жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан; жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан; сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан; сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа (аукционға) шығарылады.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді.
Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукциондар) орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап, сауда-саттыққа қатысу туралы өтінім беру арқылы коммерциялық мақсаттағы жер учаскесін алу мүмкіндігіңіз бар.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 97-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың далалық телімдерінде ауыл шаруашылығын, оның ішінде аквакультураны жүргізумен байланысты емес нысандарды, соның ішінде тұрғын үйлерді (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
- Учаске берілген мерзімнің аяқталуы;
- Жер учаскесі кепілде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесін жалдау шартының немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шартының мерзімінен бұрын тоқтатылуы;
- Жер пайдаланушыға қызметтік жер телімі берілуіне негіз болған еңбек қатынастарының тоқтатылуы (осы Кодекстің 41-бабы);
- Жер пайдаланудың алғашқы бес жылдық мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру.
Өтініштерді қабылдау, қарау және субсидияларды төлеу тәртібі
Субсидиялардың тиісті түрлеріне өтінімдер қабылдау бюджет қаражатының бар-жоғына қарамастан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттарда көзделген мерзімдерде ауыл шаруашылығы жануарларының тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.
Өтінімді қалыптастыруды және тіркеуді тауар өндіруші жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырады, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін сканерлейді және қоса тіркейді;
2) өтінімді СМАЖ-да: тауар өндірушінің;
нотариус тағайындайтын мұраны сенімгерлікпен басқарушының (тауар өндіруші қайтыс болған жағдайда) ЭЦҚ-сын қою арқылы тіркейді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2024 № 217 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
ЭЦҚ қойылғаннан кейін өтінім ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде деректердің және қоса берілген осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады. Сәйкес болған жағдайда, өтінім мақұлдануға жатады, ЖАО (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысының ЭЦҚ-сы қойылады және мақұлданған өтінімдер тізіліміне (күту парағына) барып түседі, сондай-ақ ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама жібереді.
Өтінімдерді қарау және мақұлданған өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдерді тіркеу күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2024 № 217 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Субсидиялар беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) тауар өндірушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды жолдайды.
Субсидияларды беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тиісті бағыт бойынша қаражат болған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім мақұлданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ай сайынғы қаржыландыру жоспарын ескере отырып, "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған шоттарды СМАЖ-да қалыптастырады.
Субсидия көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттік қаражат көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдердің келіп түскен күніне сәйкес кезектілік бойынша келесі айда жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері туралы қате мәліметтерге байланысты төлеуге шоттар қайтарылған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) тауар өндірушіден екінші деңгейдегі банк шотының деректемелерін өзгертуге арналған қосымша өтініш негізінде ағымдағы өтінім бойынша СМАЖ-да екінші деңгейдегі банктің деректемелеріне тиісті өзгерістер енгізеді.
24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2024 № 217 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
24-1. Өтінімді толық қанағаттандыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) СМАЖ арқылы тауар өндірушінің жеке кабинетіне тиесілі субсидияларды ішінара төлеу жөнінде ұсыныс жолдайды. Тауар өндірушінің ұсынысы 2 (екі) күн ішінде қабылданады/қабылданбайды. Тауар өндіруші келіскен кезде ЖАО жіберілген ұсынысқа сәйкес төлем жүргізеді. Тиесілі субсидиялардың қалғаны қаражатты субсидиялар түрлері арасында қайта бөлу және (немесе) ағымдағы/келесі қаржы жылында (жылдарында) бюджет қаражатын бөлу кезінде төленеді.
Тауар өндіруші ішінара төлеу туралы ұсынысты қабылдамаған кезде немесе 2 (екі) күн өткеннен кейін ұсыныс күту парағына сәйкес келесі тауар өндірушіге жіберіледі.