Бірыңғай есеп күні

2025 жылғы 25 қыркүйекте Алматы облысында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бахытұлының төрағалығымен бизнес – қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп күні өтті. 

Шарада бақылау-қадағалау органдары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне атқарылған жұмыс туралы есеп берді. 

Кәсіпкерлердің туындаған мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ аумақтық департаменттерге тапсырмалар беріліп, кәсіпкерлерді заң аясында қолдау көрсету бойынша жұмыстар тапсырылды.

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бірыңғай есепті күн жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізіледі.

 

"Бірыңғай есеп күнін" өткізу жөніндегі хаттама
Дата публикации
09 октября 2025