Алматы облысындағы еңбек нарығының жай-күйі бойынша есеп

Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың I тоқсанында жұмыссыздар саны 35,7 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі – 4,6%, бұл орташа республикалық көрсеткішке (ҚР – 4,6%) сәйкес келеді.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,1% (ҚР – 3,1%), жұмыссыз жастар саны – 9522 адам.

Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,6%, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,4%-ға төмен (ҚР – 5%).

«NEET-жастар» саны – 26 890 адам немесе 6,6% (ҚР – 336 391 адам немесе 6,2%), бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмен.

«Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» аясында 61,2 мың жұмыс орнын ашу жоспарда бар.

Қазіргі таңда 22 мың жұмыс орны құрылды (жоспардың 36%-ы), оның ішінде тұрақты жұмыс орындарының саны – 11,3 мың немесе жалпы құрылған жұмыс орындарының 52%-ын құрайды.

Кәсіптік оқытудан 493 жұмыссыз өтіп жатыр. Олардың басым бөлігі кәсіпорындар базасында тәжірибеден өтіп, практикалық дағдыларын жетілдіруде. Сонымен қатар, 5,2 мың адам онлайн-оқудан өтіп, қазіргі еңбек нарығының талаптарына бейімделуге қажетті жаңа дағдыларды меңгерді.

Дата публикации
25 июля 2025