Алматы облысы әкімдігінің № 198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы «2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» № 198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы  Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының  38-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы әкімдігінің «2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» 2020 жылғы 12 мамырдағы № 198 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 тіркелген, 2020 жылдың 13 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

          көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

  1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

          1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оныңресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

          3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы облысы әкімдігінің № 198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
05 ноября 2020