Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

№173 от 22.10.2020

Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Алматы облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы аумағының шекарасында Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.

 

            Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы                              Т.Даутов

            Облыстық сайлау  комиссиясының хатшысы                              З.Интенгенов

 

Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы
Дата публикации
26 октября 2020