«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Аудандық және қалалық сайлау комиссиялары тиісті күнтізбелік жоспарларды әзірлесін және қабылдасын.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыстық сайлау комиссиясының хатшысы З. Р. Интенгеновке жүктелсін.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Даутов
Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы З.Интенгенов