ЖОБА
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» № 171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Алматы облысының әкімі А. Баталов