Алматы облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының    4-1) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 27 тамыздағы қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Талдықорған қаласының құрамдас бөлiктерiне келесі атаулар берілсін:

1) Талдықорған қаласының «Шайқорған» тұрғын үй алабында орналасқан №17 көшеге – «Ақберен», №18 көшеге – «Қарасу», №19 көшеге – «Атамұра», №20 көшеге – «Арман», №22 көшеге – «Ақтөр», №23 көшеге – «Дидар»,       №24 көшеге – «Бұлбұл»;

2) Талдықорған қаласының «Балауса» тұрғын үй алабында орналасқан               №1 көшеге – «Жартас», №2 көшеге – «Жайық», №3 көшеге – «Созақ»,              №6 көшеге – «Арал», №7 көшеге – «Сауран», №14 көшеге – «Несібелі»,         №15 көшеге – «Жанкент».

  1. Талдықорған қаласының «Шығыс» шағын ауданында орналасқан Ворошилов көшесі – «Нұрғиса Тілендиев» көшесі, оңтүстік-шығысында орналасқан Невский көшесі – «Абдұлхак Абдұлхалықов» көшесі болып қайта аталсын.
  2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. Алиге жүктелсін.
  3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
Дата публикации
22 сентября 2020