«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мынадай білім беру ұйымдарына:
- «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№49 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің;
- «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №31 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Әл-Фарабидің есімдері берілсін.
- Мынадай білім беру ұйымдары:
- «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қант зауыты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Шарын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Ұйғыр ауданы білім бөлімінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.