2024 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы

                                                                                                 ЖОБА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы                         30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»                    (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

   1) 2024 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

   2) 2024 жылға тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

   1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

   2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

2024 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы
Дата публикации
11 марта 2024