Жоба
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы бекітілген «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары» 14-3-тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы ресми қол қойған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев